2016 жылғы Кинематография саласындағы Ұлттық «Тұлпар» Сыйлығын өткізу реттемесі
Ұлттық Кинематография өнері және ғылымы Академиясы (әрі қарай Академия) отандық кинематографияны қолдау, ұлттық киноөндірісінің мәдени ерекшеліктері мен негіздерін сақтау, қазақстандық және орталықазиялық киноның үздік туындыларын көтермелеу және оларды қазақстандық және халықаралық деңгейде насихаттау мақсатында кинематография саласында Ұлттық «Тұлпар» Сыйлығын тағайындайды (әрі қарай Сыйлық).
2016 жылғы Сыйлыққа ұсынылатын фильмдерді іріктеудің төмендегідей реттемесі бекітіледі.