2016 жылдың тамыз айында Сарапшылар кеңесі фильмдерді Академияның жабық каналының vimeo.com серверінде орналастырады және академияның барлық мүшелеріне ұсыныстар тізіміндегі фильмдерді жіберіп отырады.

Үміткерлерді іріктеу Академия мүшелері арасында әр номинацияға сәйкес құпия дауыс беру жолымен жүргізіледі. Академияның әрбір мүшесі әр номинация бойынша бір үміткерді таңдайды.

Дауыс беру Академияның сайтында және дауыс беру орындарында 2016 жылдың 20-қыркүйегінде сағат 18.00-ге дейін өткізіледі.

2016 жылдың 20-қыркүйегінде сағат 18.00-де дауыс беру нәтижелеріне ерекше рұқсаты бар тәуелсіз аудит компаниясы Академия сайтының дауыс беру нәтижелері бөліміне кіреді, сонымен қатар дауыс беру орындарындағы дауыстар салынған жәшіктерді ашып, берілген дауыстарды санайды.

Дауыстарды санау құпия түрде жүргізіледі, қорытындысы хаттамаға тіркеледі. Дауыс беру қорытындылары бойынша әр номинация бойынша ең көп дауыс жинаған үш үміткер анықталады. Үміткерлер тізімі саны жағынан бірдей көп дауыс жинаған фильмдер (туындылар) есебінен көбеюі мүмкін

Үміткерлерді іріктеу қорытындысы баспасөз конференцияларында хабарланып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.