2016 жылғы номинациялар бойынша ұсыныс тізімін жасау үшін Академия Сарапшылар кеңесін құрады. Оның құрамына төмендегі адамдар кіреді:

Ақынжанова Лейла сценарист
Байтукенов Төлеген киносыншы
Балақаева Жанна продюсер
Борецкий Олег кинотанушы
Игілік Нарын режиссер
Қашағанова Анар продюсер
Ларионова Елена продюсер
Новожилова Людмила Заңгер

Сарапшылар кеңесі Реттеменің 1.4 және 1.5 баптарында көрсетілген талаптарды ескере отырып, жүлдеге ұсынылатын фильмдердің жалпы тізімін жасайды.

Сараптау кеңесінің ұсыныс тізімдерінде түрлі мамандық өкілдерінің аты-жөндері фильмнің титрларында ешқандай қосымшасыз көрсетілген жағдайда ғана ескеріледі, мысалы, «Үздік көркем фильм» номинациясы бойынша «атқарушы продюсер» немесе «бас продюсер» деп емес, тек «продюсер» деп, «Үздік сценарий» номинациясында «идея бойынша» немесе «қатысуымен» деп емес, «сценарий авторы» деп, «Үздік музыка» номинациясы бойынша «өңдеуімен» немесе «қайта өңдеуімен» деп емес, «композитор» немесе «музыка авторы» деп, «Үздік қоюшы режиссер» номинациясында да «қатысуымен» деп емес, тек қана «қоюшы режиссер» деп жазылуы керек.

2016 жылдың тамыз айында Академия Сарапшылар кеңесінің қатысуымен кинематографиялық мерзімнің қорытындыларының кәсіби талқылауын ұйымдастырады. Осы талқылау Сарапшылар кеңесінің ұсыныстар тізіміне негіз болады.

Кинотуындыларды іріктеу Сарапшылар кеңесінің жиналыстарында 2016 жылдың 01-22 тамызы аралығында өткізіледі.
Сарапшылар кеңесінің жиналыстарыныңы хаттамасы жүргізіледі және ол Сарапшылар кеңесінің Төрағасының қолымен расталады.

Академия Президиумы Сарапшылар кеңесінің жасаған ұсыныстар тізімін толықтыра алады. Сарапшылар кеңесінің ұсыныс тізімдері 2016 жылдың 22 тамызына дейін жасалып, Академияның сайтына ілінуі керек.

Академия мүшелеріне арнап коммерциялық емес, ақпараттық көрнсетілім ұйымдастыру мақсатында Сарапшылар кеңесі ұсынған фильмдердің меншік иелері 2016 жылдың 22-тамызына дейін Академияға конкурсқа қатысу туралы жазбаша келісімін және фильмнің MPEG 4 көшірмесін, vimeo.com серверіне жабық тәртіппен орналастыруға рұқсатын (реттеменің №1 қосымшасы), сонымен қатар анықтамалық, жарнамалық материалдарын береді.

2016 жылдың ұсыныс тізімдері:
(алфавит бойынша)
1. «Адель» режиссёр Асқар Бисембин
2. «Әйгерім» режиссёр Еркін Рақышев
3. «Аманат» режиссёр Сатыбалды Нарымбетов
4. «Дорога к матери» режиссёр Ақан Сатаев
5. «Жол: Боксшының жолы» режиссёр Асқар Ұзабаев
6. «30 жаста тұрмысқа шығу» режиссёр Асқар Бисембин
7. «Құнанбай» режиссёр Досхан Жолжақсынов
8. «Мезет немесе өмір» режиссёр Ақжол Әбілов
9. «Жаңғақ ағашы» режиссёр Ерлан Нұрмұхамбетов
10. «Сағынтайдың бірінші әйелі» режиссёр Данияр Саламат
11. «Жаралы періште» режиссёр Эмир Байғазин
12. «Қаратас ауылындағы оба» режиссёр Әділхан Ержанов
13. «Шлагбаум» режиссёр Жасулан Пошанов
14. «16 қыз» режиссёр Канағат Мұстафин

Ұсыныс тізімдеріне енбеген фильмдердің меншік иелері өздерінің кинотуындыларын Сарапшылар кеңесінің талқысына 2016 жылдың 31 тамызы сағат 18.00-ге дейін тапсыруларына болады.