2016 жылғы Кинематография саласындағы Ұлттық «Тұлпар» Сыйлығын өткізу реттемесі.

Ұлттық Кинематография өнері және ғылымы Академиясы (әрі қарай Академия) отандық кинематографияны қолдау, ұлттық киноөндірісінің мәдени ерекшеліктері мен негіздерін сақтау, қазақстандық және орталықазиялық киноның үздік туындыларын көтермелеу және оларды қазақстандық және халықаралық деңгейде насихаттау мақсатында кинематография саласында Ұлттық «Тұлпар» Сыйлығын тағайындайды (әрі қарай Сыйлық).

2016 жылғы Сыйлыққа ұсынылатын фильмдерді іріктеудің төмендегідей реттемесі бекітіледі.

Сыйлық жыл сайын Академия мүшелерінің екі айналымнан тұратын дауыс беру қорытындысы бойынша тағайындалады.

1.3.      2016 жылғы Сыйлық төмендегі номинациялар бойынша беріледі:

  1. Үздік көркем фильм
  2. Үздік режиссер
  3. Үздік сценарий
  4. Үздік ер адам ролі
  5. Үздік әйел ролі
  6. Үздік оператор
  7. Үздік қоюшы-суретші
  8. Үздік музыка
  9. Үздік Орталық Азия фильмі

«Қазақстан кинематографиясына қосқан айрықша үлесі үшін» номинациясы бойынша сыйлық Академия Президумының шешімі бойынша беріледі.

2016 жылғы Кинематография саласындағы Ұлттық «Тұлпар» Сыйлығын өткізу реттемесі.

2016 жылғы номинациялар бойынша ұсыныс тізімін жасау үшін Академия Сарапшылар кеңесін құрады.

Үміткерлерді іріктеу Академия мүшелері арасында әр номинацияға сәйкес құпия дауыс беру жолымен жүргізіледі.

Сыйлықты тапсыру салтанаты 2016 жылдың 30-қыркүйегінде өтеді.